Оның пайымынша, адамдар түсті көбіне таңға қарай көреді және жаман түстерді тоңып жатқан кезде көреді.
"Бұрынғы травмалар жаман түс ретінде көрінеді. Менде мысалы емтихандар мен пәтер іздеулер. Әбден жаныма батып кеткендер.
Бір жерге үлгермей, автобус-пойыздан қалып қойып жатқандар дедлайнға үлгермей жүргендердікі.
Жалпы түс деген күндізгі ойлардың ми қыртыстарында қалып қойған жалғастары. Ешқандай мағына іздеудің қажеті жоқ", дейді блогер.
Аршат Ораз өлген кісілермен сөйлесу, аян беру дегендер әлбетте өтірік нәрселер деген пайымда. Жәй ғана адамның түсіндегі қиял ойлары.
Жазбаға қатысты көпшілік те ойларын ортаға салған. "Мен қамалып қап жатамын. Клаустрофобиядан болуы керек", "Мен жүрегім зуылдап, биік ғимараттан төменге құлаймын да жүрем. Ең жек көретінім сол", "Аян беру бар ғой, сенемін. Соңғы кезде түсімде түрлі иттерді, сосын үйленіп жатқан жас жұбайларды көремін", "Түсімде жиен жеңешемді, қайтыс болған әпкем ертіп барады екен, таңертең жеңгем қайтыс болды деген хабар алдық", деп жазған желі қолданушылары.