• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Қараша, 2023

Өскеменде 3 оқушыны көлік қағып кетті

258 рет
көрсетілді

Өскемен қаласында 3 оқушы ауруханаға түсті, үшеуін де бір көлік қағып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 14 қараша күні кешкі уақытта болған.

13-14 жас аралығындағы балалар жаттығудан шығып, үйлеріне қайтып бара жатқан.

«Сәтбаев көшесі мен Жібек жолы даңғылының қиылысында келе жатқан жеңіл көлік жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан 3 баланы қағып кетті. Соның салдарынан түрлі дене жарақатын алған үшеуі де ауруханаға жатқызылды», деп хабарлады полиция департаменті. 

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

«Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалған. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», делінген хабарламада.