• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Жемқорлық 16 Қараша, 2023

Ақысына қала сыртынан саяжай алған: Астаналық басқарма басшысы ұсталды

172 рет
көрсетілді

Тергеу барысында шенеунік жеке ұйымның мүдделерін қорғағаны үшін пара алғаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Арман Тілеукенов Астананың отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы не үшін ұсталғанын мәлімдеді.

– Шенеунік жеке компания басшысынан саяжай түрінде үлкен көлемде пара алды деген күдікке ілінді. Бұл пара Астананың кәріз тазарту құрылыстарын салу бойынша жұмыстарды жеткізушіні айқындау кезінде жеке ұйымның мүдделерін қорғағаны үшін алынған, – деді Тілеукенов.

Сот шенеунікті тұтқындау жөнінде шешім қабылдады.

Бұған дейін Астанада отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Марсель Ұзақов ұсталып, қамауға алынғаны ресми мәлім болған еді.