• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 17 Қараша, 2023

Жасанды интеллект дауға айналған Головкин-Канело жекпе-жегінің жеңімпазын анықтады

2011 рет
көрсетілді

Deep Strike жасанды интеллект құралы қазақстандық Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) мен мексикалық Сауль Канело Альварес (60-2-2, 39 КО) арасындағы алғашқы жекпе-жектің жеңімпазын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл жекпе-жек 2017 жылдың қыркүйегінде Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтіп, барлық елде көрсетілген болатын. 12-ші раундтың соңында төрешілер Головкиннің жеңіске жеткенін байқағанымен, тең нәтиже шығарған

Енді, алты жылдан кейін, жасанды интеллект осы жұдырықтасуда кімнің жеңгенін анықтауға тырысып көрді.

Нәтижесінде Головкин Канело Альваресті екі рет жеңгені анықталды.

Deep Strike талдауы көрсеткендей, Головкин соққылар бойынша Канелодан басым түскен: GGG 300-ден астам ұрып үлгерсе, мексикалық 217-ге келіп тоқтаған, жерлесіміз 12 раундтың 9-ында көбірек соққылар жасаған.