Атырау қаласында 14 қарашада сағат 21:50-де үйінен белгісіз бағытқа шығып, оралмаған жиырма жастағы қызды бүгін сағат 10:20-да атыраулық құтқарушылар аман-есен тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдайлар ведомствосының баспасөз қызметінің мәліметінше Атырау облыстық ТЖД-не 16 қарашада жоғалған бойжеткеннің туыстары көмек сұраған өтінішін беріп, құтқарушылар іздестіру-құтқару жұмыстарына дереу кіріскен.
Облыстың ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары оны аман-есен тауып, ПД қызметкерлеріне тапсырды.
Бойжеткеннің жоғалу себебі анықталып жатыр.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД 5 қызметкері, 1 кинологиялық есептобы, 1 техникасы жұмылдырылған.