• RUB:
    5.17
  • USD:
    478.54
  • EUR:
    533.76
Басты сайтқа өту
Спорт 17 Қараша, 2023

Біз жеңдік! Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына бір қадам жақындады

849 рет
көрсетілді

Астанада өтіп жатқан 2024 жылғы футболдан Еуропа чемпионатының іріктеу матчында Қазақстан құрамасы үшінші голын салды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Есеп 3:1 болды. Жеңісті еселеген - Абат Айымбетов.

Ойынның бірінші таймында қазақстандықтар 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Екінші таймның алғашқы минуттарында жерлестеріміз екінші голын соқты. Алайда, Сан-Марино ойыншыларының бір голын қақпасына өткізіп алды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Сан-Мариномен ойынға келесі құраммен шықты:

Қақпашы: Игорь Шацкий (№12); Қорғаушылар: Марат Быстров (№4), Александр Марочкин (№22), Сергей Малый (№2), (№18) Тимур Досмағамбетов , Бағдат Қайыров (№13); Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов (№20), Александр Зуев (№19), Абзал Бейсебеков (№21), Ислам Чесноков (№9); Шабуылшы: Абат Айымбетов (№17).

Осы ойынға дейінгі турнирлерге келетін болсақ, Қазақстанның 15 ұпайы болса, Еуро-2024 іріктеу жолындағы басты бәсекелестері Словения мен Дания құрамаларының әрқайсысында 19 ұпайдан бар.

Айтпақшы, Дания мен Словения жұмадан сенбіге қараған түні Копенгагенде өзара ойнайды.

Соңғы жаңалықтар