• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Қараша, 2023

Боран: республикалық маңызы бар жолдардың 27 бөлігі жабылды

6266 рет
көрсетілді

Сағат 23:00-дегі жағдай бойынша Республикалық маңызы бар жолдардың 27 учаскесі жабық, деп хабарлайды Egemen.kz.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы бұл ахуал ауа райына байланысты қолға алынғанын мәлімдеді..

«2023 жылғы 18 қарашада ауа-райының нашарлауына байланысты (қар, боран, жол бойындағы көрінудің шектелуі) көлік қозғалысына шектеу Ақмола (13), Қостанай (5), СҚО (9) облыстарында енгізілді. Жалпы республикалық маңызы бар автожолдардың 27 учаскесі жабық»,-делінген хабарламада.