«ҚазАвтоЖол» ұлттық операторы республикалық жолдардағы көлік қозғалысына салынған шектеу алынып тасталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«Республикалық маңызы бар жолдар желісі бойынша барлық бағыт ашық. Өткен түнде мамандар 500 м3 құм-тұз қоспасын септі», делінген хабарламада.
Айта кетейік, ауа райының нашарлауына байланысты (боран, қар, жол бойындағы көрінудің шектелуі) еліміздің 3 өңірінде, СҚО, Қостанай және Ақмола облыстарындағы 27 жол учаскесі жабық болды. Желіде 220 бірлік арнайы техника мен 300 маман жұмыс істеді.