• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Қараша, 2023

Анасының қолынан көз жұмған: Павлодар облысында жоғалып кеткен 7 жасар қыздың мәйіті табылды

10432 рет
көрсетілді

Павлодар облысында 17 қараша күні жоғалып кеткен 7 жасар қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақпаратты облыстық Полиция департаменті растады.

"Өкінішке қарай, қыз қаза болған. Баланың денесі табылды. Іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды", - деп мәлімдеді Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті.

Айта кетейік, Павлодар облысында17 қараша күні жеті жасар Милана Давыдова жоғалып кеткен еді. Іздестіру жұмыстарына 500-ден астам адам қатысты. Жүзден астам автокөлік, сондай-ақ "Қазавиапас" тікұшағы жұмылдырылды.

Полицейлер мен құтқарушыларға еріктілер мен облыстың алаңдаулы тұрғындары көмектесті. Қыздың бағдары барлық аумақтық бөлімшелерге және жақын орналасқан аудандарға жіберілді. Оқиға орнына облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары бастаған тәжірибелі полиция қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы жұмылдырылды.