Шығыс Қазақстан облысында жыртқыштардың санын азайту шарасы 2 жыл бойы жүргізілмеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Осы уақыт аралығында қасқырлардың саны айтарлықтай жиілеп үлгерген.
Жергілікті тұрғындар бұл мәселені Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевпен кездесуде көтерді.
"Қасқырлар малдың мазасын алып бітті, елді мекендердің аумағына да кіріп жүр қазір. Олардың адамдарға шабуыл жасаған оқиғалары да тіркелді. Қариялардың айтуынша, оларды ату жұмыстарын қазір, бірінші қар жауғанда және ақпан айында жүргізу керек", – деп жазылған әкімдіктің ақпаратында.
Бұл мәселені шешу үшін заңнама аясында аңшыларға қасқыр атуға рұқсат етілген лицензия берілуге тиіс.