• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Футбол 20 Қараша, 2023

Чесноков Мбаппені басып оза ала ма? Тоғызыншы турдың үздік голдары таңдалды

346 рет
көрсетілді

УЕФА Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі ең үздік голдарды таңдады. Тізімде Ұлттық құрама ойыншысы И.Чесноковтың да қарсылас қақпасына соққан голы бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

УЕФА Қазақстан футболшысы Ислам Чесноковтың соққан голын 9-турдың үздігі номинациясына ұсынды.

23 жастағы футболшы 17 қараша күні «Астана арена» стадионында өткен Қазақстан-Сан-Марино матчында дубль жасап, есепті еселеген болатын.

Халықаралық ұйым әлеуметтік желідегі парақшасында 9 - турдың 4 голын таңдады.

Бұл қатарда Чесноковтан бөлек, франциялық Килиан Мбаппе, әзербайжандық Эмин Махмудов және финдік Даниэль Хоканс бар.