19 қараша сағат 05:45 шамасында Ақтөбе-Орынбор тасжолының 7-шақырымы Мәртөк ауылының маңында Audi, Lexus және Subaru forester автокөліктері соқтығысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Lexus және Subaru forester автокөлігінің жүргізушілері мен Subaru-да болған жолаушы оқиға орнында қаза болды. Lexus жолаушысы Мәртөк ауданының ауруханасына жеткізілді.
Қазір ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.