• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Қараша, 2023

Президенттен үйсіз жүрген академиктерге пәтер сұрадым – Асқар Жұмаділдаев

417 рет
көрсетілді

Физика-математика ғылымдарының докторы, Ұлттық ғылым Академиясының вице-президенті академик Асқар Жұмаділдаев Мемлекет басшысынан академиктерге үй сұрағанын айтты. Бұл туралы ол «Хабар» арнасының «Алғашқы» бағдарламасында мәлім етті. Өзі тумысынан мансапқа, билікке қызықпағанын, тек Ұлттық ғылым Академиясының вице-президенті лауазымына Қ.Тоқаевтың арнайы тағайындағанын жеткізді.

 

«Мен өзі жастайымнан атаққа, мансапқа, билікке қызыққан адам емеспін. Қасым-Жомарт Тоқаевты ертеден жете танимын. Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті лауазымына өзі ұсынып тағайындады. Мен мұнда ұзақ аялдамаймын. Шенеунік болу менің жұмысым емес. Мемлекет басшысының жүктеген тапсырмасын орындасам болды, қызметімді өткіземін. Академияны қалай құру керек,  қандай бағытты қамтып жұмысты жүргізу қажет? Гранттарды қалай бөлген дұрыс?  Міне, осы  сала бойынша жұмыс істеудің механизмін құрып беру міндетім менің. Жуырда Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдағанда мен тағы бір мәселені айттым,  Президент шешетінін жеткізді. Бар ғұмырын ғылымға арнаған қадау-қадау академиктер бар, әлі үйсіз жүр. Осы шаруаны айтып едім, неше пәтер керектігін сұрады. Мен 50 пәтер қажет екенін айттым, мәселені шешетін болды. Міне, осындай әлеуметтік мәселенің де түйінін тарқатқан соң Ғылым академиясының вице-президенті деген мансабымды өткіземін», деді Асқар Жұмаділдаев.