• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Қараша, 2023

Әскерилердің оғынан көз жұмған Айкөркемнің әкесі жауапқа тартылды

1068 рет
көрсетілді

Қаңтар оқиғасы кезінде әскерилердің оғынан жазым болған 4 жасар Айкөркемнің әкесі Айдос Мелдеханұлы көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі таратқан мәліметке қарағанда, оған қатысты әкімшілік істі Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қараған. Іс материалдарынан осы жылдың 8 қарашасында Айдос Меделханұлы Facebook-тегі парақшасында видеоүндеу жариялағаны белгілі болды.

"21 қазан күні оған көршісі шабуылдаған. Ол бұл жөнінде полицияға арыз жазғанын, бірақ полиция шағымын қарамай, іс қозғамағанын айтады", делінген соттың жазбасында.

Сот А. Меделханұлы полицияға қандай да бір арыз жазбағанын және жүгінбегенін анықтады. Осылайша, ол әлеуметтік желіде жалған ақпарат жариялаған.

Айдос Меделханұлы өз кінәсін мойындаған жоқ. Алайда, ол сот қаулысымен Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 456-2 бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 69 000 теңге мөлшерінде баламасыз әкімшілік айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.