Елорданың полиция қызметкерлері есірткі арнасының жолын кесу мақсатында жедел іздестіру іс-шарасын жүргізіп, екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
30 жастағы ер адамның үйін тінту барысында 10 кг гашиш салынған спорттық сөмке тәркіленді. Екінші күдіктінің де ізіне түсіп, көшеден ұсталды. Оның да қалтасынан 205,90 грамм гашиш есірткісі табылды.
«Осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабымен «Есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу» сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер қамауға алынды», делінген ақпаратта.
Биылғы жылдың қаңтар айынан бері Астана қаласының полиция қызметкерлері 218 есірткі қылмысын ашып, заңсыз айналымнан 265 кг есірткі тәркіленді.