Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі желтоқсан айындағы және жаңа жыл мерекесіндегі демалыс күндерін түсіндіріп берді, деп жазады Egemen.kz.
Желтоқсан айында халқымыз 20 күн жұмыс істеп, 11 күн демалады. Егер мемлекеттік немесе ұлттық мереке демалыс күніне (сенбі, жексенбі) келсе, демалыс күндері бір күнге ұзартылады. Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы заңда 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні болып белгіленгендіктен мерекеге орай демалыс беріледі.
Биыл 16, 17 желтоқсан сенбі, жексенбі күндеріне тұспа-тұс келгендіктен, аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 16, 17, 18 желтоқсан күндері, алты күн жұмыс істейтіндер – 16 және 17 желтоқсан күндері демалады.
2023 жылдың соңғы сенбі-жексенбісі 30 және 31 желтоқсанға сәйкес келеді. Сондықтан жаңа 2024 жылға арналған ресми демалыс күндері – 1, 2 қаңтар болып белгіленді. Осылайша, 5 күн жұмыс істейтіндер 4 күн қатарынан демалысқа шықса, алты күндік жұмыс аптасындағылар 30 желтоқсанда жұмыс істейді. Осылайша, аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер 4 күн қатарынан демалысқа шыға алады.
Айта кетейік, 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні ретінде тізімде қалғанмен, арнайы демалыс болмайды.
Ал 7 қаңтар – Рождество мерекесі жексенбі болғандықтан, қосымша демалыс күні берілмейді.