Ақтау қаласында домбыраны сындырған баланың анасына айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлеуметтік желіде кәмелетке толмаған баланың қоғамдық орында ұлттық қастерлі аспабымыз - домбыраны сындырған видеосы тарап кетті.
Осыған байланысты қалалық полиция қызметкерлері жасөспірімнің ата-анасын анықтап, жауапкершілікке тартты.
Баланың заңды өкілдеріне Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 127-бабы (Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және (немесе) оқыту, құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
«Ақтау қаласының әкімдігі мен жергілікті полиция қызметі ата-аналарды балаларына мұндай әрекеттерге жол берілмейтіні туралы хабардар етіп, қоршаған ортаға ұқыпты және жауапкершілікпен қарау қажеттігін қатаң ескертуге шақырады», делінген қалалық әкімдік таратқан хабарламада.