• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Қараша, 2023

Астананың іргесіндегі ауыл әкімі көшеге түкіргені үшін айыппұл арқалады

144 рет
көрсетілді

Қараша айының ортасында «Халық дауысы» редакциясы жергілікті тұрғындардың өтінішімен Қараөткел ауылдық округіне барды. Журналистер рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін, мектепке қарама-қарсы орналасқан көмір қоймасын және әкім Талаптан Дауылтаевтың асфальтқа түкіргенін жазып үлгерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Редакция ұжымы ауылды аралап жүріп, әкімнің қасындағылармен бірге ғимараттан шығып, темекі тұтатқанын байқайды. Мемлекеттік қызметкер телефонмен сөйлесіп, әкімдікке қарама-қарсы аумақты шолып шығып, сол маңдағы балалар алаңына түкіріп кетеді.

Тілшілер Целиноград аудандық ішкі істер бөліміне бейне дәлелмен сауал жолдады.

«Целиноград ауданы бойынша полиция бөліміне тіркелген өтініш қаралды. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабының 1-бөлігімен (қоғамдық орындарды, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде анықталмаған орындарға коммуналдық қалдықтарды шығару) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Қараөткел ауылдық округінің әкімі Дауылтаев Талаптан Қаршығыұлына әкімшілік шара қолданылды», деп жазды полициядағылар.