Қырғызстан Республикасының Әділет министрлігі Жогорку Кенеш қарауына тергеудегі күдіктілерге электронды білезік тағуды қарастыратын заң жобасын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әділет министрі Аяз Баетовтің айтуынша, бұл технология үйқамаққа алу режимін бұзу жағдайларының санын азайтуға, сондай-ақ құқық қорғау органдарының тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.
Білезіктер отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесін шешуде тиімділігін көрсетеді деген пайымда шенеунік.
«Отбасында зардап шеккен адамға қорғау ордерінің орнына –арнайы жетон, ал зорлық-зомбылық жасаушыға электронды білезік беріледі. Зорлықшы зардап шеккен адамға 1 шақырымнан аз қашықтықта жақындаған кезде дабыл белгісі іске қосылады. Бұл жағдайда дабыл белгісі тек жетонға емес, құқық қорғау органдарына да түседі», - деп жазды министрдің сөзін Кабар сайты.
Ведомство басшысының атап өтуінше, қазіргі уақытта министрлік электронды білезіктерді енгізуге толық дайын, бірақ Жогорку Кенеш заң жобасын әлі қарастырған жоқ.