• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Спорт 25 Қараша, 2023

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкеріне көлік сыйлады

380 рет
көрсетілді

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиевке су жаңа көліктің кілтін тарту етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

М.Адиев қымбат сыйлық алғаны туралы жаңалығын Инстаграм желісіндегі парақшасында бөлісті.

Суретте бизнес-класс көлігінің кілттері көрсетілген. Алайда, бапкер көліктің маркасы мен моделін атаған жоқ. Болжам бойынша, кілттер жаңа Mercedes-Benz немесе BMW-ге тиесілі. Бапкер көліктің суретін де жарияламады.

Ұлттық құрама бапкері бұл сыйлыққа өзі мен командасының толықтай лайықты емес екендерін айтады.

"Тиісінше бұл сыйлыққа толық лайықтымын деп айта алмаймын. Әріптестерімізбен бірге футболдан Еуропа чемпионатына шығу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Алда үлкен жұмыс күтіп тұрғанын сеземіз, сол үшін де өзіміздің сүйікті спортымыз – футболдағы мақсатымыздың орындалуы үшін аянып қалмаймыз. Бұл сыйлықты бағалаймын, ол мен үшін мотивация ғана емес, еліміз бен халқымыз алдындағы міндетімді есіме түсіріп тұратын сый болмақ", – деп жазған Магомед Адиев.