• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Денсаулық 26 Қараша, 2023

Жансақтау бөлімінде жастар көп: соңғы кездері инсультке шалдығушылар саны артқан

289 рет
көрсетілді

Дәрігерлер дабыл қағып жатыр. Олар күз қан қысымы жоғары жандар үшін қауіпті маусым екенін айтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сондықтан ауа райы өзгерген кезде инсултьке шалдығушылар саны артады. Мамандар, тіпті соңғы кездері жастар арасында да аталған дерттің дендеп кеткенін тілге тиек етті.

35 жастағы алматылық тұрғын инсульттің бірден екі түрін алып, ауруханаға түскен. Ол басының ауырғанын айтып, 2 күн бойы жүре беріпті. Кейін есінен танып құлаған кезде ғана Шымкент қалалық №2 ауруханаға жеткізілген. 1 аптадай жансақтау бөлімінде жатқан Бағлан қазір палатаға ауысты.

«Басым ауырды. Өзім білмей қалдым не болғанын. Есімді жоғалтып құладым, көзімді ашсам осында жатырмын. Есімде ештеңе жоқ» – дейді Бағлан.

Науқас басының ауырғанын көп уайымдағаннан деп топшылаған. Ал мамандар жігіттің қан қысымы 160-тан жоғары көтеріліп кеткенін анықтаған. Қазір ол жансақтау бөлімінен шығарылғанмен, есін толық жинап үлгермепті.

«Түскен кезде ауыр халде болды. Жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатты. Қазір науқастың есі толық емес, емделіп жатыр. Ишимиялық инсульт алған. Кейін трансформация болып, тамыры жарылып кеткен. Әсерінен миына қан кеткен. Бұл аралас инсульт деп аталады», дейді орталық меңгерушісі Руслан Тастанбеков.

Дәрігерлер инсультті ерте анықтаса, жазылу мүмкіндігі жоғары болатынын айтады. Ал күз-қыс айларында аталған дертке шалдығу көрсеткіші артатын көрінеді. Оның себебін ақ халаттылар күннің суытуымен байланыстырады. Ауа райы өзгерген кезде қан қысымы да тез өзгергіш келеді.

«Ауа райы ауысады ғой, соған байланысты артериялық қан қысымы жоғарылай бастайды. Қан қысымы тұрақты болмағандықтан геморрагиялық инсульт көбейді. Жаз айларында 30 пайыздай болса, қазір 50 пайызға дейін инсультпен келушілер саны көбейді», дейді Инсульт орталығының меңгерушісі Руслан Тастанбеков.

Қазір мамандар инсультке шалдыққан науқастарды Серебра атты бағдарламамен бақылау мүмкіндігіне ие болған. Онда азаматтың компютерлік томография, анализ нәтижелері жарияланады. Сол арқылы кез келген уақытта ауру салдарын анықтап, ем-дом шараларын көрсету жеңілдейді.