Оралда үйдің жанынан өтіп бара жатқан әйел адамның басына кірпіш құлап кеткен. Алған жарақаттарынан ол оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz «Мой город» сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға кеше сағат 14:35-те Назарбаев даңғылы көшесінің бойында болған. Бұл туралы Орал ПБ баспасөз қызметі хабарлады.
Полицейлердің мәліметінше, Назарбаев даңғылы бойындағы №236 үйдің жанынан өтіп бара жатқан әйелдің басына кірпіш құлаған. Ол алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды.
Қайғылы оқиғаның мән-жайын тергеу тобы мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері анықтап жатыр.