Президент 27 Қараша, 2023

Того Республикасының Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

266 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 27-28 қарашада Того Республикасының Президенті Фор Эссозимна Гнассингбе Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіледі. Келіссөздер барысында екіжақты сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту перспективалары, сондай-ақ Қазақстанның Африка құрлығындағы мемлекеттермен өзара ықпалдастық мәселелері талқыланады деп жоспарланып отыр», делінген хабарламада.