• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Қараша, 2023

Ауыл полицейлері жаңа көлікке мінді

213 рет
көрсетілді

Павлодарлық тәртіп сақшыларының автопаркі жаңа 215 көлікпен толықты. Полиция қызметкерлерінің жұмысын жеделдете түсуге мүмкіндік беретін темір тұлпарлардың көбі ауылдық аумақтардағы инспекторларға бұйырып отыр.

Құқықтық тәртіпті қам­та­ма­сыз етудің басты шарт­тары­­ның бірі – тұрғындардың тәр­тіп сақшыларына деген сенімі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «По­ли­ция қызметкерлері, ең алдымен, өз еліне, өз халқына адал қызмет етуі керек», деп атап өткен болатын Ішкі іс­тер­ министрлігінің алқа мәжі­лі­­сінде. Өңірде құ­қық қорғау сала­сының мате­риалдық-тех­ни­­ка­лық базасын жақсарту үшін тиісті қадамдар жасалып жа­тыр. Ал жаңа көліктердің көп­­ші­лігі алғаш рет ауылдық елді мекендерге жіберілгені қуан­тып отыр.

«JAC», «Kia» және «Chev­­­rolet Cobalt» маркалы­ қыз­меттік автокөліктер учас­ке­лік полиция инспекторларына және патрульдік полиция батальоны мен рота­сы­ның инспекторлары, сон­дай-ақ қалалық, аудандық поли­ция басқармалары мен бөлім­дері арасында таратылды. Автокөліктер белгіленген стан­дарттарға сай, барлық қа­жетті техникалық құралмен жаб­­дықталған және құқық қор­ғау органдарына қоғамдық тәртіпті бұзғандарға жедел ден қоюға мүмкіндік береді», деп атап өтті өңірлік полиция де­партаменті өкілдері. Тех­никалар «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның лизингтік бағ­дар­ламасы бойынша сатып алынған.

«Жұртқа жақын полицей» қағидасын ұстанған керекулік тәртіп сақшылары биыл рес­публикада алғашқы болып сервистік қызмет көрсететін учаскелік полиция пункттерін қолға алды. Нәтижесінде, жер­гі­лікті полиция пункттерін оң­тайландыру жүріп жатыр. Пав­лодар қаласында бұрын олардың саны 23 болса, қазір небәрі 16 полиция пункті жұмыс істеп тұр. Мұндай сервистер жуық арада еліміздің өзге де қалаларында ашылады деп жоспарланып отыр. «По­лицияның сервистік моделі» жобасы аясындағы жүйені дамыту жалғасын тауып жатыр. Тәртіп сақшыларының жұ­мысын тұрғындар үшін тиімді ете түсуді көздейтін жобаға полицияның сапалы қызметі, клиентке бағдарлану, үкіметтік емес ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен тұрақты серіктестік жасау бағыттары енген.

 

Павлодар облысы