Алматы облысының полиция қызметкерлері жайылымда жүрген 43 жылқыны айдап әкеткен ұрыларды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мал ұрлығы» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында екі күдікті анықталды. Олар Кербұлақ ауданынан жайылымда жүрген 43 бас жылқыны айдап кеткен. Зардап шегушілерге келген шығын – 22 миллион теңге. Қылмыстық кодекстің 188-1-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, қажетті сараптамалық тексеру тағайындалғанын айтты», деді облыстық Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов.