Ақтөбе облысының Полиция департаменті кәмелетке толмаған орта мектептің 8-сынып оқушысын іздестіріп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Ол 27 қарашада сағат 15.00 мұғдарында үйден шығып, оралмаған.
Екі күн бұрын үйінен шығып, оралмаған оқушы Иов Антон Алексеевичтің белгілері: 15 жаста, арық денелі, бойы – 160-165 сантиметр, аққұба, көзі көк.
Жоғалып кеткен жасөспірім қара қалпақ пен қоңыр күрте және қаракөк шалбар киген, қолында қара сөмкесі болған.