• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Заң 30 Қараша, 2023

Қашықтан берілмейді: Қазақстанда шетелдіктерге ЖСН беру ережелері өзгереді

245 рет
көрсетілді

Қазақстан билігі шетел азаматтарына ЖСН беру процесін өзгертуді жоспарлап отыр. Жобаны Ішкі істер министрлігі дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ашық НҚА» порталында «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрық пайда болды.

Құжатқа сәйкес, енді ЖСН алу үшін шетелдіктер Халыққа қызмет көрсету орталығына өзі келіп, өтініш толтыруы қажет. Олардың өзімен бірге жеке куәлігі де болуы керек.

«ЖСН қалыптастыру үшін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш беру арқылы жеке өзі жүгінеді», - делінген құжатта.

Бұған дейін электронды үкімет порталы арқылы құжатты қашықтан алуға болатын.