• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Қараша, 2023

Фейк: «2025 жылы әлемді жаңа пандемия күтіп тұр»

213 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желіде 2025 жылдың 31 наурызынан бастап алдын ала жоспарланған COVID-19 пандемиясының жаңа түрі басталып, жер бетіндегі миллиард адам ауру жұқтырады деген жалған ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Бейнежазба авторы Ақ үй, Джонс Хопкинс университетінің және Дүниежүзілік банк порталдарына сүйенеді. Сайттардың скриншоттарын көрсете отырып, ол билік алдағы пандемия туралы біліп қана қоймай, оған дайындалып жатқанын айтады.

Ақ үйдің сайтында АҚШ-та пандемияға дайындық және оған ден қою саясаты басқармасы (OPPR) құрылып жатқандығы туралы ақпарат бар. Бірақ бұл тек COVID-19-ға ғана қатысты емес. Ол полиомиелит, RSV респираторлық вирусы, құс және адам тұмауы, сондай-ақ пандемия тудыруы ықтимал басқа ауруларына қатысты әрекет етеді. OPPR медициналық құралдарды әзірлеуге, өндіруге және сатып алуға жауапты болады. Видеода көрсетілген парақшада осы басқармада тағылымдамадан өтуге қабылдау жүргізіліп жатыр. Жаңа пандемияға немесе даталарға сілтемелер жоқ.

Джонс Хопкинс денсаулықты қорғау орталығының сайтында да жаңа пандемия туралы жазылмаған. Бейнероликте 2017 жылғы жарияланымға сілтеме берілген. Егер тақырыбын аударатын болсақ, оның 2025-2028 жылдарға арналған ойдан шығарылған сценарий екені белгілі болады. SPARS вирусы да ойдан шығарылған. Бұл нақты пандемия пайда болған кезде медициналық қызметкерлердің дағдыларын пысықтау үшін қажет.

Одан әрі роликте автор Дүниежүзілік банк сайтында жарияланған құжатты көрсетеді. Оны тез парақтай отырып, ол пайдаланушыға мән-мағынасын түсінуге мүмкіндік бермейді. Бірақ манипуляция жасау үшін қажет күнді табады – 2025 жылғы 31 наурыз. Халықаралық қаржы ұйымының сайтындағы құжаттардың ешқайсысында жаңа пандемияға сілтемелер жоқ.

«Бұл фейк. Дәлелдер мен ролик авторының мәлімдемелері шындыққа жанаспайды», деп қорытындылады Stopfake.kz порталы.