• RUB:
    4.88
  • USD:
    441.8
  • EUR:
    480.02
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Қараша, 2023

«Қарлы боран, көктайғақ болады». Жолдардың бірнеше учаскесі жабылады

3005 рет
көрсетілді

Күннің құбылып, ауа райының күрт суытуына байланысты бүгін еліміздің екі облысында республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардың бірнеше учаскесі жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Боранның салдарынан жолдың көріну мүмкіндігі шектеулі болғандықтан Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарындағы республикалық маңызы бар автожолдардың 6 учаскесі жабылды. Облыстық маңызы бар жолдың  5 учаскесінде жол қозғалысына шектеу қойылды.