• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Заң 30 Қараша, 2023

Самат Әбішке қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы өзгермеген

212 рет
көрсетілді

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбішке қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау  шарасы күшінде екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қылмыстық іс бойынша бұлтартпау шарасы өзгертілген жоқ. Оған қатысты ешқайда кетпеу жөніндегі бұлтартпау шарасы өз күшінде. Ешқандай бұлтару немесе жауап беруге келмеу сияқты фактілері болмаған себепті бұлтартпау шарасы өзгертілген жоқ», деді ол.

Сондай-ақ Жандос Өмірәлиев оның лауазымды өкілеттігін асыра пайдалану бойынша қылмыстық іс қозғалып, сол бап бойынша тергеліп жатқанын жеткізді.