• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Қараша, 2023

Саяси реформаның сәтті бастамасы

116 рет
көрсетілді

Семей қаласында «Та­рап­тар арасындағы өза­ра түсініс­тікті те­рең­­дету» атты конференция ұйым­дас­тырылды. Алқалы жиын­ның басты мақ­са­ты – елімізде алғаш рет қа­нат­қақты жоба ре­тін­де өткен аудан және қала әкім­де­рін сайлау үдерісін қоры­тын­ды­лап, Прези­дент­тің бұл ба­ғытта іске қосқан бас­та­маларына үнқосу.

Конференция барысында «Әлеу­меттік желілердегі контент және коммуникация стильдерінің түрлері», «Сайлау комиссияларының әлеумет­тік қызметін медиа жос­парлаудың жаңа тәсіл­де­рі» тақырыптары ке­ңі­нен талқыланып, іс-шараға қаты­­су­­­шылар еліміздегі саяси нау­қан жө­нінде ой-ұсыныс­та­рын ортаға салды.

Семей аумақтық сайлау комиссиясы төра­ғасының орынбасары Гүлжан Жақсыбайқызының айтуынша, мем­ле­кетіміздің бола­ша­ғымен тығыз байланыс­ты жа­рия­лылық талабына сай ма­ңыз­ды қадамдарға әрдайым сергек қарау қажет.

– Сәуір айында Астана қала­сын­да сайлау комиссия­ла­рының жұмысы бойынша электоралды оқыту тү­рін­­де арнайы курс өткен бола­тын. Қазір осы бағытта үнемі кон­фе­рен­ция­лар өткізіліп, оған тұрақты қатысып отырамыз. Бүгінде, міне, «Та­раптар арасындағы өзара түсі­ніс­тікті терең­дету» тақыры­бын­­да конференция өткізіп отыр­мыз. Жиын­да әлеуметтік желілерде әр­түрлі сұрақ пен келеңсіз ком­мен­тарий­ге қалай жауап беру ке­ректігі жөнінде ОСК тарапынан кеңестер берілді. Мұн­дай бас­қо­су­лар халықтың демокра­тия­лық үде­ріс­терге бейжай қарамай­тын­ды­ғын айғақтайды, қайта бел­се­не араласуға әзір екен­дігін таныт­­қанына күмән жоқ, – дейді Г.Қуанышева.

Орталық сайлау комис­сия­­­сы­ның ұйымдас­ты­руы­мен өткен екі күндік конферен­ция барысында 2023 жылы атқа­рылған жұ­мыс­тар қорытын­ды­ланады.