Астанада рульге мас күйінде отырған бойжеткен тұрғын үйдің ауласында алдымен адамды қағып, одан әрі тұрақтағы үш көлікті соққан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиғаның салдарынан 42 жастағы жаяу жүргінші алған жарақатынан сол жерде көз жұмды.
Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен жазғандай, «Toyota Camry» көлігінің 20 жастағы жүргізушісі уақытша ұстау абақтысына қамалды.
«Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Астана қаласының Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын тұлғалардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл баптың санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілікті көздейді. Тиісті сараптамалар тағайындалды», делінген мәліметте.