• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 04 Желтоқсан, 2023

Кеңседе мас күйде төбелес шығарған қызметкер жазаланды

232 рет
көрсетілді

Астана қалалық «102» арнасына әкімшілік ғимаратта масаң күйдегі ер адам жанжал шығарып жатыр деген хабар келіп түскен. Кеңседе төбелес шығарған азамат бұрынғы қызметкер екені анықталды, деп жазады Egemen.kz.

Жедел шақыру бойынша жеткен Алматы аудандық полиция қызметкерлері жанжалды 30 жастағы бұрынғы кеңсе қызметкері шығарғанын анықтады. Ер адам мас күйінде ноутбукті қасақана бүлдіріп, қызметкерлермен төбелес шығарған.

Бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіргені үшін ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалып, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды. Сот қаулысымен төбелескен азамат ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабы 1-бөлігімен (Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру) 10 тәулікке қамауға алынды.