• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Әлем 04 Желтоқсан, 2023

Газа секторында қаза тапқандар саны 15,5 мыңнан асты

141 рет
көрсетілді

Израиль әскерінің қоршауында қалған Газа секторына жасаған шабуылдан қаза тапқандар саны 15 523-ке жетті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Anadolu агенттігінің жазуынша, бұл туралы Газа секторы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Ашраф әл-Кудра мәлімдеді.

Әл-Кудраның айтуынша, сонымен қатар эксклавтың 41 мыңнан астам тұрғыны зардап шекті.

Палестиналық шенеунік сонымен қатар Газа секторында Израиль күштері ұстаған «Әл-Шифа» ауруханасының директоры мен 31 медицина қызметкерінен жауап алынғанын атап өтті.

Еске салайық, 7 қазанда таңертең ХАМАС қозғалысының әскерилері Израильге қарсы зымыранмен атқылаған. Артынша Израиль армиясы «соғысқа әзірлік» жариялап, ал 8 қазанда елдің «соғыс жағдайына» кіргенін ресми түрде жариялады. Бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан израильдік операция «Темір қылыштар» деп аталды.