Белгілі болғандай, ол 6 мамыр күні өзінің отандасы кіші Хулио Сезар Чавеспен (50-2-1, 32 КО) жұдырықтасады. Аталған басылымның пікірі бойынша, бұл оған қаржылық жағынан тиімді кездесудің бірі болмақ.
«Жеңіске жеткен күннің өзінде «Канелоның» жұрт алдындағы беделі арта ма? Жоқ. Тек Головкинді жеңсе ғана (ең болмағанда жекпе-жек өткізсе) көпшіліктің оған деген пікірі өзгеруі мүмкін. Forbes нұсқасы бойынша Р4Р-дің көшбасшысы Сауль Альварес бұл тізімде үшінші келе жатқан қазақстандық боксшымен кездесуден бас тартқандықтан одан жасқанады деген ой қалыптасып кеткен.
Ал Чавеспен айқасы мансабының өрлеуіне септігін тигізеді ме? Олай емес сияқты. Себебі, бұл күні оның бәсі жоғары болады. Бірақ көбірек ақша табуы әбден мүмкін. Дегенмен, PPV-сатылымында бәсеңдеп бара жатқанын айта кеткен жөн. (2015 жылы қарашада Мигель Коттомен өткен жекпе-жегі 900 мың PPV, былтыр Амир Ханға қарсы 600 мың, ал өткен жылдың қыркүйегінде өткен Лиам Смитке қарсы 300 мыңдай ғана жинады) енді осы олқылықтың орнын толтыру үшін Головкинмен келіссөздер өткізуі тиіс.
Алғашында GGG мен Альварес арасындағы жекпе-жек 2016 жылы өтуі тиіс болатын, алайда мексикалық боксшы орта салмақтағы WBC белбеуінен бас тартып, бірінші орта салмаққа ауысып кетті. Ал белдік тиісінше қазақстандыққа берілді. Бірақ қос тарап әлі де болсын келіссөздер өткізіп жатқаны әлемдік БАҚ беттерінде осыған дейін бірнеше мәрте жарияланған.
Айта кетейік, Головкин 18 наурыз күні Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында америкалық Дэнниел Джейкобспен (32-1, 29 КО) күш сынасады.