• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Желтоқсан, 2023

Швейцария хорында ән шырқаған тұңғыш қазақ дәрігер

336 рет
көрсетілді

Шоқан Бектұрғанов Швейцарияның халық хорында ән шырқады, деп хабарлайды Egemen.kz «Алға, Қазақстан» жобасының авторы блогер Иван  Червинскидің жазбасына сілтеме жасап.

Швейцарияның Берн қаласында өтетін халық хоры шарасы 2006 жылдан бері тұрақты ұйымдастырылып келеді. Хор сапында Швейцария, Германия, Қытай, Үндістан, Мали, Бразилия сынды елдердің өнерпаздары ән шырқайды. Дәрігер Шоқан Бектұрғанов отбасымен бірге Берн қаласында тұрады. Швейцарияның арнайы шақыруымен келіп денсаулық сақтау саласында жемісті еңбек етіп жүр.

«Шоқан баршамызға әлемнің қай қиырында жүрсең де төл мәдениетің мен  халқыңның құндылығын дәріптей білу керек екенін паш етті», деп жазды блогер. Шоқан Бектұрғановтың жұбайы да дәрігер.