Елордада көктайғаққа орай, коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын және жолдарда көктайғақтың орнауына жол бермес үшін барлық шаралар қабылданып жатқанын қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Жауын-шашынның көп түсуіне және температураның өзгеруіне байланысты көшелерде көктайғақ орнайды. Қала тұрғындары қауіпсіз жүруі үшін жолдарға, тротуарларға, көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі.
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша Астанада 5 желтоқсан күні боран, көктайғақ, екпіні 23 м/с дейін жел күшейеді деп күтіліп отыр.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты жазатайым оқиғаларға тап болмас үшін қала әкімдігі тұрғындар мен қонақтардан көшеде жүргенде өте мұқият болуды сұрады.