• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Елорда 05 Желтоқсан, 2023

Елорда, көктайғақ: Травматологиялық пунктердің жұмысы күшейтілді

205 рет
көрсетілді

Ауа райы нашарлауына байланысты (жаңбыр, көктайғақ) травматологиялық пункт қызметінің күшейтілген режимге көшкенін Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты мәлім қылды, деп жазады Egemen.kz. 

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарды мүмкіндігінше мұқият болуға, жазатайым жағдайға ұшырамау үшін ыңғайлы, жалпақ аяқ киім киюге, ал, егер, жарақат алған жағдайда медициналық көмек көрсету пунктеріне бірден жүгіну қажет екенін айтып, кеңес беріп отыр. Ал балалар мен зейнеткерлерге шұғыл қажеттілік болмаған жағдайда үйден шықпауы қажет.

Травматологиялық пункт дәрігерлері аурухананың барлық бөлімшелерінің қызметкерлерімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Айта кетсек, бүгінде №4, 5, 6, 7, 9 10 қалалық емханаларында сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін шұғыл 4-санаттағы балаларға арналған медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем бөлімшелері жұмыс істеп тұр.

9 қарашада №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы жанындағы негізгі травматологиялық пунктке түсетін жүктемені азайту мақсатында және қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін қосымша травматологиялық пункт ашылған болатын. Ол №2 қалалық емхана базасында Сарыарқа және Байқоңыр аудандары балаларына медициналық көмек көрсетеді.

Еске салайық, Астанада көктайғақты болдырмас үшін жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспалары себіледі, коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.