• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Желтоқсан, 2023

Көктайғақ кезіндегі қауіпсіздік ережелері қандай?

465 рет
көрсетілді

Көктайғақ – жаңбырдан кейін күннің салқындауынан немесе еріген қардың ауа райының күрт суып кетуінен пайда болатын  жұқа мұз қабаты. Қыс жеткенде Қазақстанның солтүстік, орталық, шығыс аймақтарында көктайғақ жиі болады. Құлап, травматологиялық жарақат алмау үшін көктайғақ кезіндегі қауіпсіздік ережелерін есте сақтау керек.

Көктайғақ көбінесе адамдар көп жүретін жерлер мен жаяу жүргіншілер жолында болады. Бұл аймақтар төбе-сай болғандықтан көктайғақта жүру қиындайды. Мұндай кезде жарақат алып қалмау үшін қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды.

Сырғанамайтын, табанында ұсақ өрнектері бар аяқ киімдерді таңдаңыз. Биік өкшелі аяқ киім киюден бас тартыңыз.

Көктайғақ кезінде қолыңызды қалтадан шығарып, бос жүріңіз. Бұл құлау ықтималдығын төмендетеді. Жерде жұқа мұз қабаты пайда болғанда артық, ауыр сөмке арқаламаңыз.

Егер мұзды жерді айналып өтуге мүмкіндік болмаса мұз үстімен шаңғышы сияқты қысқа адымдар жасап, баяу қозғалыңыз.

Ал егде жастағы адамдарға резеңке ұшы бар немесе арнайы ұшты таяқ қолдануға кеңес беріледі.

Көктайғақта арқамен, бетпен құлаған өте қауіпті. Бұл мидың шайқалуына әкеліп соғады. Жарақаттанған соң уақыт оздырмай дәрігерлерге жүгіну қажет.

Жолдың келесі бетіне, бағдаршамнан өту керек болғанда жасыл толық жанғанда жүгірмей өту керек.

Ауа райының өзгеруі және енгізілген шектеулер туралы ақпаратты бақылап отыру қажет.