• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Желтоқсан, 2023

NeMolchi.kz қорының басшысы Дина Таңсәрі күдікке ілінді

438 рет
көрсетілді

NeMolchi.kz қорының басшысы Дина Таңсәрі алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы ақпаратты ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі растады. Ведомство қоғам белсендісіне қатысты басталған тергеу туралы ғана мәлімет беріп, істің мән-жайын жарияламады.

«2023 жылдың 6 қазанында Өскемен қаласы Ертіс аудандық полиция басқармасы Қылмыстық Кодекстің 190-бабы 3-бөлігі («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қазіргі уақытта тиісті тергеу амалдары жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша құқықтық баға беріледі», - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайтыны атап өтілген.

Айта кетейік, Дина Таңсәрі (Смаилова) - белгілі қоғам белсендісі және NeMolchi.kz қорының жетекшісі.