• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қылмыс 07 Желтоқсан, 2023

Кәсіпкерлерді бопсалаған деструктивті діни ағым өкілдері ұсталды

2955 рет
көрсетілді

Атырауда жеке кәсіпкерлерден ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы police.aturau инстаграм арнасынан мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кәсіпкерден 2 млн 600 мың теңге алып жатқан 1991, 1996, 1996, 1998 жылғы 4 күдіктіні қылмыс үстінде полиция қызметкерлері ұстады.

«Күдіктілердің деструктивті діни ағым өкілдері екені анықталды. Топ жәбірленушілерді наурыз айынан бері бопсалап, шамамен 5 миллион теңге иемденбек болған. Күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр», делінген Атырау облысы ПД хабарламасында. 

ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 3-бөлігі 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.