• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қаржы 07 Желтоқсан, 2023

Жұмыс беруші жалақыңызды бермей жүрсе қайда жүгіну керек?

388 рет
көрсетілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі биылғы 11 айда 961 кәсіпорын 25 мың жұмыскерге 6,4 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешегі бар екенін анықтады, деп жазады Egemen.kz.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 1 261 нұсқама беріп, 174,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салды.

Соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 23,2 мыңнан астам жұмысшының құқығы қорғалды. Оларға жұмыс берушіден ұзақ уақыт ала алмай жүрген 5,6 млрд теңге жалақысын өндіріп алды.

Кәсіпорын не жұмыс беруші жұмыс істеген уақытыңыз үшін жалақы төлеуден бас тартса, уақтылы төлем жасалмаса Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Есеп комитетіне шағым түсіруге болады.