• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Ауа райы 07 Желтоқсан, 2023

Тәуелсіздік мерекесінде елімізде ауа райы қандай болады?

2460 рет
көрсетілді

Еліміздің ең маңызды мерекесінде ел бойынша ауа райы қандай болады? Бұл туралы Egemen.kz «gismeteo.kz» сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Болжам бойынша, ел ордасы Астанада 16 желтоқсан күні бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауа температурасы күндіз -6, түнде -13 градусқа дейін төмендейді. 17 желтоқсан күні қар жауып, ауа райы бұлтты болады, күндіз -4, түнде -8 градус суық болады. 18 желтоқсанда елордада қар мен жауын жауып, ауа температурасы -2-8 градус төмен болады. 

Алматыда 16 желтоқсан күні бұлтты және қар аралас жаңбыр жауады деп күтіледі. Ауа температурасы күндіз 1 градус жылы, түнде -7 градусқа дейін төмендейді. 17 желтоқсан күні күндіз 3 градус жылы, түнде -4 градус суық болады, ауа райы бұлтты, жаңбырлы болады деп болжанады. 18 желтоқсан күні 3 градус жылы ауа райы сақталады, ал түнде -градус суық болады, ауа райы бұлтты және жаңбырлы болады.

Шымкент қаласында демалыс күндері күндіз жылы ауа райы сақталады, ал түнде -4 градус суық болады. Бұл күндері Шымкентте ауа райы бұлтты және жаңбырлы болады, қар жауу ықтималдылығы да бар.