• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Желтоқсан, 2023

Артем жинаған ақша

176 рет
көрсетілді

Атыраулық оқушы Артем Кеорков әр елдің ақшасын жинауды ұнатады. Қазір оның жеке қорында 80 мемлекеттің банкноты бар. Өйткені ол тек Қазақстанның ғана емес, өзге елдердің ақшаларын жинаған.

Артем Кероков Атырау қаласын­дағы №17 мектеп-лицейінің 7-сыныбында оқиды. Нумизматикаға аң­сары ауған оқушының қорында 1993 жылы қолданысқа енгізілген теңгенің ал­ғаш­қы нұсқалары сақталған. Әкесі Сер­гей де әр елдің ақшасын жинап жүр.

«Алғашқы жинаған банкнотым – 30 жыл бұрын шығарылған 100 теңге. Бұл банкнотта қазақ ханы – Абылайдың портреті бейнеленген. Оны әкем туған күніме сыйлаған еді. Сол себептен оны ең қымбат банк­нот деп есептеймін. Содан бері әр ел­дің ақшасын жинай бастадым. Қа­зақ­тың ұлы тұлғалалары Шоқан Уәли­ханов, Абай Құнанбайұлы, Құр­манғазы Сағырбайұлы, Сүйінбай Аронұлы, Әбілқайыр хан бейнеленген теңгелер, Еуропа, Африка, Оңтүстік Африка, оның ішінде Тринидад және Тобаго, Эритерия, Джибути секілді 80 мемлекеттің банкнотын жина­дым», дейді Артем Кеорков.

Ол бос уақытын өзі жинаған ақша­ларды зерттеуге арнайды. Өйткені валютасынан әр елдің тарихы мен мәдениетінен, тіпті табиғатынан ақпа­рат алуға болады.

«Бәрінен еліміздің ұлттық валю­тасы – теңгенің жөні бөлек. Теңгенің дизайнын ұнатамын. Әкем екеуміз шағын көрме ұйымдастырып, қаты­сушыларға теңгенің тарихы, құн­ды­лығы туралы әңгімелейміз. Еліміздің әр өңірінде монеталармен алмасатын достарым бар», дейді Артем Кеорков.

 

Атырау облысы