• RUB:
    4.88
  • USD:
    441.8
  • EUR:
    480.02
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Желтоқсан, 2023

Республикалық маңызы бар 55 жол учаскесінде қозғалыс уақытша тоқтатылды

996 рет
көрсетілді

Бүгін 10:00 сағаттағы ахуалға сәйкес ауа райының нашарлауына (ауа температурасының төмендеуі, боран, көрінудің шектеуі) байланысты 12 облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың 55 учаскесінде қозғалысқа шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz QazAvtoJol баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

– Дәл қазір республикалық маңызы бар автожолдарда 451 бірлік техника мен 907 жолшылар жұмылдырылып, 626 м3 көктайғаққа қарсы материал қолданылды.  Жүргізушілерді аса қажет болмаған жағдайда, ұзақ сапарға шықпауларыңызды сұраймыз, – делінген хабарламада.