• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Желтоқсан, 2023

Танымал әншілер колонияда концерт берді

195 рет
көрсетілді

Қазақ эстрадасының әйгілі әншілері Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің №12 мекемесінде концерт беріп, сотталғандарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы облысының Заречный кентінде орналасқан мекемеге Әбдіжаппар Әлқожа, Шыңғыс Құралбаев және Саидалим Тохтохунов сынды әншілер шақырылып, сотталғандарға концерт берді. Олар ел арасында кең танылған әндерін шырқап, жазасын өтеушілерге отбасымен аман-есен қауышуын тіледі.Іс-шара қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылды.

«Іс-шара Жол картасын жүзеге асырумен сотталғандарға тәрбиелеу және әлеуметтік қарым қатынасты арттыру үшін жүзеге асырылды. Өз кезегінде жазасын өтеп жүрген сотталғандар қонақтарды мерекелік көңіл күймен қарсы алып, өз алғыстарын білдірді», деді ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Ашов.

 

Соңғы жаңалықтар