• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Елорда 14 Желтоқсан, 2023

Астанада шырша шамы Тәуелсіздік күнінен кейін жағылатын болды

216 рет
көрсетілді

Елордадағы бас шырша EXPO халықаралық көрме орталығының аумағында орналасады. Шыршаның шамын жағу шарасы 17 желтоқсан күні, сағат 20:00-де өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мерекелік іс-шараға қала тұрғындары мен қонақтары қатыса алады. Шырша шамын жағу рәсімінен кейін келушілерге арналған концерт ұйымдастырылады.

Бас шыршаның биіктігі - 25 метр. Ол жеңіл сәндік ойыншықтармен, өрнектермен, строб шамдарымен, түрлі-түсті гирляндамен безендірілмек.