Атырау облысы Махамбет ауданының тумасы, 29 жастағы жас келіншек жүктіліктің 36 аптасында қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақ жайық басылымына сілтеме жасап.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, әйел 5 желтоқсанда «жедел фарингит» диагнозымен ауруханаға түскен. Келесі күні жансақтау бөлімінде қайтыс болған. Марқұмның артында бір жасар баласы қалды.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, сараптама тағайындалды.