• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Желтоқсан, 2023

«Саусақтары мен құлағы үсіп қалған». Жамбылда 3 адам қар құрсауында қалып қойды

291 рет
көрсетілді

Жамбыл облысында қар құрсауында қалып қойған 3 адамды үсік шалды. Өңір әкімінің орынбасары Нұржан Қалендеровтің хабарлауынша, жолда қалғандарды құтқару кезінде төрт адам ауруханаға жеткізілен, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Оның екеуінің саусақтары, тағы біреуінің құлағы үсіп қалған.

Енді бірі дене қызуымен түскен. Қордай және Шу аудандарында екпінді желден 2 мектептің шатыры ұшты. Қазір білім ошақтарын қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды.

Айтып өтейік, Жамбыл облысында желтоқсанның 13-інен бері ақтүтек боран мен аяз, жұртты біраз әбігерге салды.

Жолаушылар күре жолда қалып, пойыздар уақытынан кешікті. Осыған орай өңірде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған.