• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Желтоқсан, 2023

Ынтымақтастықты нығайтуды талқылады

131 рет
көрсетілді

Мәжілісте Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан бастаған депутаттар  Ұлыбритания Парламенті Қауымдар палатасының депутаты Афзал Хан және Манчестер қалалық кеңесінің мүшесі Абид Чоханмен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz төменгі Палатаның  баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

«Айгүл Құспан Мәжілісте Қауымдар палатасының Сыртқы істер комитеті жариялаған Орталық Азия туралы баяндамамен мұқият танысқанын айтты. Депутаттар британдық әріптестерінің Орталық Азия өңірімен сауда, қоршаған орта, мәдениет, туризм және өзге де мәселелер бойынша өзара байланысты нығайтуға бағытталған бастамасын құптайды. Өз кезегінде депутат Афзал Хан Британ-Қазақстан ынтымақтастығының қоршаған ортаны қорғау, жоғары білім, муниципалды даму салаларындағы перспективаларына тоқталды», делінген ақпаратта.

Манчестер қалалық кеңесінің мүшесі Абид Чохан жергілікті өкілді органдардағы жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, Манчестер қаласында еліміздің  Бас консулдығын  ашуға шақырды.